4-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру мақсатында «Мен бүгін – дәрігер/инженер/мұғаліммін» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің болашақта таңдағылары келетін мамандықтарын жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен бейнелеп, дәрі
Дата: 2026-10-01 16:29:37
4-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру мақсатында «Мен бүгін – дәрігер/инженер/мұғаліммін» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
Оқушылар өздерінің болашақта таңдағылары келетін мамандықтарын жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен бейнелеп, дәрігер, инженер, мұғалім және басқа да мамандық иелері ретінде өз бейнелерін жасады.
Іс-шара барысында оқушылар мамандықтар туралы өз ойларын айтып, таңдаған кәсіптерінің қоғамдағы маңызы мен атқаратын қызметтері туралы түсініктерін кеңейтті. Шығармашылық жұмыс оқушылардың қиялын дамытып, болашақ мамандығына қызығушылығын арттырды.