Размер шрифта:
↑

24 қыркүйекте қыз балалар арасында жеке бас гигиенасын сақтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және репродуктивті денсаулық туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында мектеп психологы мен мектеп дәрігерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата: 2026-09-25 09:10:30

Іс-шара барысында қыз балаларға жеке бас гигиенасын дұрыс сақтау, күнделікті тазалық талаптарын орындау, жасөспірім кезеңіндегі ағзадағы физиологиялық өзгерістер,репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары туралы түсінікті әрі жас ерекшеліктеріне сай ақпарат берілді. Сонымен қатар, денсаулыққа ұқыпты қарау, өз ағзасына жауапкершілікпен қарау және қажет болған жағдайда медицина маманына жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мектеп психологы мен мектеп дәрігерінен тиісті жауаптар алды. Оқушыларға жеке бас гигиенасы мен репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
Жүргізілген түсіндіру жұмыстары оқушылардың жеке бас гигиенасы мен репродуктивті денсаулық туралы білімдерін арттыруға, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.