Размер шрифта:

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінде кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу , рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Кітап оқитын ұлт” жобасы байқау

Дата: 2026-04-03 09:50:16
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінде кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу , рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Кітап оқитын ұлт” жобасы байқауының “Кітап оқитын педагог” санаты бойынша мектепішілік кезеңі өткізілді.
Осы жобаға мектебіміздің ұстаздары қатысып,жоба ережесіне сәйкес тест сұрақтарына жауап берді.
Тестілеу нәтижесінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Жәкен жоғары ұпай жинап жүлделі 1 орынмен марапатталды. Жүлделі 2 орынды тарих пәнінің мұғалімі Т.Еримбетов жеңіп алса, 3 орынмен информатика пәнінің мұғалімі А.Ксан марапатталды. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Оспановаға осы сайысқа қатысқаны үшін сертификат табысталды.
@balqash_qbb @umckrg