Қамқоршылар күні
2015 жылдың 28 қазан күні жалпы білім беретін №8 орта мектебінде қамқоршылар күніне арналған «Аялы алақан!» атты қамқоршылық кеші өткізілді. Ата-анасынсыз қалған балалардың қамқоршылары біздің мектепте қонақта болды. Мектеп директоры А.Т.Төкейбекова қамқоршыларды құттықтап, мектеп тарапынан сыйлықтар берілді. Әкелер кеңесінің мүшесі Разахов Даулет сөз сөйлеп, қамқоршыларды құттықтады. Психолог Абдуалиева З. ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында тренинг жүргізді. Келген қамқоршылар мен оқушылар жаттығу жұмысын қызыға отырып орындай бастады. Оқушылар мен ата-аналар екі топқа бөлініп, әрқайсысы өздеріне берілген сұрақтарға жауап берді. Ата-ана мен бала қаншалықты бір-бірін біле алатындықтарын білді. Кешке әкелер кеңесінің мүшелері де қатысты. Қамқорлықтағы оқушылар өз қамқоршыларына арнап тақпақтар айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Сыйлықтарын табыстады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды. Қамқоршылар риза болып, алғыстарын білдірді.