Размер шрифта:

«Халықаралық ішімдіктен бас тарту» онкүндігін өткізу туралы ақпар

Дата: 2015-10-29 02:19:54
«Халықаралық ішімдіктен бас тарту» онкүндігін өткізу туралы ақпар

   «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында «Халықаралық  ішімдіктен бас тарту» онкүндігіне орай мектебіміздің 1-ші қабатында  стенд безендірілді.

 «Ішімдіктің зияны» туралы 8-9 сыныптар арасында  әлеуметтік ұстаз Манаева А.К пайдалы кеңестер айтып өтті. Кеңес беру соңында мектеп  оқушылары  өз сұрақтарын  қойып жауап алды.

 «Ішімдіксіз жанұя» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында сурет пәнінің мұғалімі Сардарбек Л.Т  балалардың ішімдікке деген көзқарастарын байқау мақсатында сурет салғызды.Сурет салу кезінде  әр оқушы  ішімдікке  жол бермеу керек, оның халыққа тиер зияны туралы  ұғымды білдіретінін суреттері арқылы жеткізе білді.

Сондай-ақ «Спорт- денсаулық кепілі» атты ішімдіктен бас тарту күніне арналған,салауатты  өмір салтын сақтау мақсатында  дене шынықтыру пәндерінің  жетекшілігімен  9,10 сыныптар арасында спорттық іс-шара болып өтті.

19 қазан күні  «Мифтік және ішімдік туралы шындық» жайлы 9,11 сыныптардың сынып жетекшілері сынып сағаттарын  өткізді.

23 қазан күні - «Халықаралық ішімдіктен бас тарту» күніне орай 8,9,10  сынып оқушыларына дәрігермен кездесу ұйымдастырылды. Мектебіміздің дәрігері Сагимбекова Мақтагүл ішімдіктің адам ағзасына  зияны жайлы әртүрлі мағлұмат беріп өтті. Оқушылар сұрақтарына толық жауап алды.

 24 қазан күні - «Ішімдікке қарсы» акциясына байланысты қала тұрғындарына   кадет сыныптары «араққа жол жоқ!» деген ұранмен парақшалар таратып шықты.

  26 қазан күні - «Ішімдіктен бас тарту» күніне байланысты 8,11 сыныптарға    «Ғасыр дерті» атты видеоролик және слайд көрсетілді.

    27 қазан күні – Мектеп психологы  З.Н. Абдуалиева  9,11 сыныптардан  «Жаман әдет»          

     тақырыбында сауалнама алып, нәтижесінде оқушылардың зиянды заттармен   

     әуестенетін және баса назар аударуды қажет ететін  оқушылардың байқалмағаны

     анықталды.