11.02.2026 ж мектеп кітапханасында оқушыларға Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар беріп, Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандық аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отыры
Дата: 2026-02-16 08:51:39
11.02.2026 ж мектеп кітапханасында оқушыларға Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар беріп, Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандық аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушыларымен «Ер есімі-ел есінде» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Кітапханашы З.Шайбекова Ауған соғысының қасіретті тарихи жылдарынан мәлімет беріп, оқушыларға Ауған соғысы кезінде от кешкен батырларымыз туралы айтып өтті. Сонымен қатар мектеп кітапханасы қорындағы Ауған соғысында от кешкен жауынгерлердің ерен ерліктерін суреттейтін Халед Хоссейнинің «Жарқыраған мың күн» романы және Ауған соғысынң ардагері генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерен ерлігі баяндалған «Намыстың құлы-Алаштың ұлы» атты кітабына тоқталып өтті. Сонымен қатар «Ауғанның от жалыны», «Екі ғасырдың батырлары», «Қанды көйлек қарулас», «Жартасты жастанған жасақ» тағы басқа кітаптардың электронды нұсқаларын ұсынып, оқушыларды кітаптарды оқуға