Мектебімізде ауған соғысының ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті.

Дата: 2026-02-16 08:50:51
Мектебімізде ауған соғысының ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан алдындағы борыштың маңызын түсіндіру және тарих тағылымын насихаттау.
Кездесу барысында ардагерлер Ауғанстан жерінде өткен сұрапыл соғыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Олар әскери қызметтің қиындықтары, жауынгерлік достық, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік жайында әңгімеледі.
Шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу соңында оқушылар ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен ардагерлерге ризашылықтарын білдірді.
Бұл тағылымды кездесу жас буынның ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтты.
@umckrg @balqash_qbb