Размер шрифта:

Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «22»01.2026 жылы «Жас сарбаз» сыныптарының ата-аналар жиналысы өткізілді.

Дата: 2026-01-26 09:11:39
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «22»01.2026 жылы «Жас сарбаз» сыныптарының ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі және ата-аналар қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды «Жас сарбаз» сыныптарының оқу-тәрбие бағытымен таныстыру, алдағы жоспарларды талқылау және өзара ынтымақтастықты нығайту болды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры ж.К.Жетписбаева «Жас сарбаз» жобасының мақсаты мен міндеттері, білім сапасы, оқу-тәрбие жұмысы туралы ақпарат берді. Аталған сыныптардың басты бағыты – оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру екені айтылды.
Екінші мәселе бойынша оқу жылы барысында өткізілетін іс-шаралар таныстырылды. Атап айтқанда, олимпиада, ғылыми жоба сайыстарының қорытындысы, саптық, спорттық дайындық сабақтары, әскери-патриоттық бағыттағы жарыстар, түрлі кездесулер мен тәрбиелік шаралар жоспарланғаны хабарланды.
Үшінші мәселе аясында оқушылардың мектептегі тәртібі, қауіпсіздік талаптары және «Жас сарбаз» сыныптарына қойылатын форма кию ережелері түсіндірілді. Ата-аналардан балалардың тәртібі мен сыртқы келбетіне ерекше назар аудару сұралды.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды. Өзара байланыс пен бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар «Жас сарбаз» сыныптарының жұмысына қолдау көрсетіп, мектеппен тығыз байланыста болуға дайын екендіктерін білдірді.