2026 жылғы 6 қаңтар күні мектептің 9 сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында “Балқаш жоғары медициналық колледжіне”КМК экскурсияға барды. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды медицина саласындағы мамандықтармен таныстыру, болашақ кәсіби бағыт

Дата: 2026-01-11 20:51:14

2026 жылғы 6 қаңтар күні мектептің 9 сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында “Балқаш жоғары медициналық колледжіне”КМК экскурсияға барды. Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды медицина саласындағы мамандықтармен таныстыру, болашақ кәсіби бағыттарын таңдауға көмектесу болды.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен зертханаларын көріп, оқу үдерісімен танысты. Колледж оқытушылары мен мамандары «Медбике ісі», «Емдеу ісі», «Фармация» сияқты мамандықтар туралы мәлімет беріп, студенттердің қалай білім алатынын түсіндірді. Сонымен қатар, тәжірибелік сабақтарға арналған құрал-жабдықтар көрсетілді.
Экскурсия соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, медицина мамандығы туралы пайдалы ақпарат алды. Бұл шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауларына оң әсерін тигізді.