Размер шрифта:

Мектебімізде 9-сынып оқушыларымен «Қазақмыс» корпорациясында ұзақ жыл еңбек еткен ардагер, еңбек ерлерімен тағылымды кездесу өткізілді. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, еңбек жолындағы жетістіктерімен бөлісті. Олар әртүрлі

Дата: 2025-12-08 08:59:40
Мектебімізде 9-сынып оқушыларымен «Қазақмыс» корпорациясында ұзақ жыл еңбек еткен ардагер, еңбек ерлерімен тағылымды кездесу өткізілді. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, еңбек жолындағы жетістіктерімен бөлісті.
Олар әртүрлі салаларда адал қызмет еткен, өз ісінің нағыз шеберлері.Оқушылар ардагерлерге көкейде жүрген сұрақтарын қойып, еңбек пен мамандық таңдауға қатысты құнды кеңестер алды. Ардагерлер жастарды білім алуға, табанды болуға, болашаққа сеніммен қарауға және еліне адал қызмет етуге шақырды.Іс-шара барысында оқушылар ардагерлерге, музыкалық нөмірлер орындап, ықыластарын білдірді.