Размер шрифта:

14 қараша күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. жас мамандардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, ішкі сенімді күшейту, позитивті ой қалыптастыру, топта жылулық атмосфера орнату мақсатында психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді. «Жүректі түспен толтыр» п

Дата: 2025-11-24 09:20:58
14 қараша күні мектеп психологы Абдуалиева З.Н. жас мамандардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, ішкі сенімді күшейту, позитивті ой қалыптастыру, топта жылулық атмосфера орнату мақсатында психологиялық тренинг жаттығуын жүргізді.
«Жүректі түспен толтыр» психологиялық жаттығуында қатысушылар өздерін еркін сезініп, ішкі ресурстарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Әр жас маман өзіне жақын түсті таңдап, сол түс арқылы жылы энергияны, сенімділікті және тыныштықты сезінді. Жаттығу барысында топта жайлы атмосфера қалыптасып, қатысушылар эмоционалдық жағынан жеңілдеп, бір-біріне деген ашықтығы артты.
Талдау кезеңінде қатысушылар өз сезімдерімен бөлісіп, түстердің олардың көңіл-күйіне қалай әсер еткенін атап өтті.