«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Әділдік және жауапкершілік» айында қарашаның 12 күні Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де сағат 13:50-де «Жас Сарбаздар» және «Жас Сақшы» сыныптары арасында мектепішілік «АЙБЫН» әскери-с

Дата: 2025-11-13 12:53:11
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Әділдік және жауапкершілік» айында қарашаның 12 күні Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де сағат 13:50-де «Жас Сарбаздар» және «Жас Сақшы» сыныптары арасында мектепішілік «АЙБЫН» әскери-спорттық сайысы болып өтті. Сайысқа әр 8ә, 8в, 9ә сыныптарынан 15 оқушы қатысты. Сайыс мынандай жаттығулардан тұрады, 1-қарудан оқ ату, 2- әскериленген эстафета, 3-АК-74 автоматын бөлшектеу-жинақтау, 4-кермеде тартылу.
Сайыстың қортындысы:
8 ә, 8 в сыныптар арасында
1-орын Алтай Абзал
2-орын Әли Ұласхан және Шайхстан Диас
3-орын Караханов Алмас және Аманжол Расул иеленсе,
9 ә сыныптар арасында
1-орын Айдосұлы рахат
2-орын Жарқинбек Тарух
3-орын Марат Ералы иеленді.