«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету
Дата: 2025-11-11 16:32:31
• Мемлекеттік қызмет көрсету – азаматтарға уәкілетті органдар арқылы заңмен бекітілген ресми қызмет түрі.
• Бұл қызметтің мақсаты – ерекше жағдайдағы балаларға білім алу құқығын қамтамасыз ету.
Қызмет алушылар
• Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт мектепке бара алмайтын балалар
• Ата-аналары немесе заңды өкілдері
Қажетті құжаттар
1. Ата-ананың (немесе заңды өкілдің) өтініші
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
3. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы (дәрігерлік комиссия шешімі)
4. Баланың мекенжай анықтамасы (қажет болса)
Қазіргі таңда 4-оқушы үйде жеке тегін оқытумен қамтамасыз етілген.