22.09.2025ж лездемеде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «DosbolLIKE» бағдарламасы жайында айтып өтті.
22.09.2025ж лездемеде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «DosbolLIKE» бағдарламасы жайында айтып өтті.
Бағдарламаның негізгі мақсатын түсіндіріп, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне құрметпен қарау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды.
Лездемеде айтылған негізгі мәселелер:
• «DosbolLIKE» бағдарламасы арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру;
• Әлеуметтік желідегі теріс әрекеттерден балаларды сақтандыру;
• Психологиялық қолдау көрсету, жағымды қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету;
• Мектеп ұжымымен бірлесе отырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Одан кейін 9А сынып оқушылары бағдарлама аясында үгіт насихат арқылы бағдарламаның негізгі идеясы – достық пен бірліктің маңыздылығын жеткізді.
Лездеме соңында мектеп ұжымына «DosbolLIKE» бағдарламасын күнделікті оқу-тәрбие процесінде қолдану ұсынылып, жадынама таратылды.