22.09.2025ж лездемеде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «DosbolLIKE» бағдарламасы жайында айтып өтті.

Дата: 2025-10-06 09:38:57

22.09.2025ж лездемеде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «DosbolLIKE» бағдарламасы жайында айтып өтті.

Бағдарламаның негізгі мақсатын түсіндіріп, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне құрметпен қарау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталды.

Лездемеде айтылған негізгі мәселелер:

        •       «DosbolLIKE» бағдарламасы арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру;

        •       Әлеуметтік желідегі теріс әрекеттерден балаларды сақтандыру;

        •       Психологиялық қолдау көрсету, жағымды қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету;

        •       Мектеп ұжымымен бірлесе отырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

   Одан кейін 9А сынып оқушылары бағдарлама аясында үгіт насихат арқылы бағдарламаның негізгі идеясы – достық пен бірліктің маңыздылығын жеткізді.

Лездеме соңында мектеп ұжымына «DosbolLIKE» бағдарламасын күнделікті оқу-тәрбие процесінде қолдану ұсынылып, жадынама таратылды.