15.09.2025ж. күні мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева Жас Сарбаз сынып тәрбиеленушілерімен кездесті.
Дата: 2025-09-22 09:18:28
15.09.2025ж. күні мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева Жас Сарбаз сынып тәрбиеленушілерімен кездесті.
Мақсаты:”Жас Сарбаз” әскери-патриоттық қозғалысы мүшелерінің тәрбиесін нығайту; Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік, тәртіп, адалдық сынды құндылықтарды қалыптастыру;
Кездесу барысында мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева “Жас Сарбаз” қозғалысының маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл ұйымның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Жас Сарбаз – бұл ертеңгі Отан қорғаушылардың мектебі. Сіздер – еліміздің тірегі, болашақ сарбаздарсыздар. Адал, тәртіпті, білімді азамат болу – әрқайсыңыздың міндетіңіз!» – деп оқушыларға сенім білдірді.
@balqash_qbb @umckrg @karlygash_dsh
