«Мектепке жол» акциясының орындалу барысы
«Мектепке жол» акциясының орындалу барысы
2025 жылдын 1-тамызынан бастап 30 кыркүйекке дейін жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы жүріді. Акцияның максаты: жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар мен жетім және ата-аналарының камқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей калу жағдайын болдырмау. Жалпыға бірдей білім беру қорынан» қаражылай көмек беру туралы ата-аналарға хабарланып, құжаттар қабылданды. Жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасынан шыққан 50 оқушының ата- анасынан өтініштер қабылданды, 21 оқушының ата-анасы демеушілік көмекке өтініш қалдырды, алайда 8 оқушының ата-аналарының құжаттары дұрыс болмағандықтан кері қайтарылды. «Жалпыға білім беру коры» қаражатынан көмекке бөлінген 2311400(екі миллион үш жүз он бір мың төрт жүз) теңгені ата-аналардың өтініші арқылы құжаттары рәсімделген әр оқушыға 46228 (қырық алты мың екі жүз жиырма сегіз) теңгеден 50 оқушыға қаржылай көмек беріледі.
Акция барысында біршама демеушілік көмек көрсетілді. Атап айтсақ мектебіміздің 2020-шы жылғы түлектерінің атынан 150 000 теңге 6 оқушыға 30 000 теңге қаржылай көмек үлестіріліп берлілді. Демеуші Рымкулова Г.А. бір оқушыға 55 000 теңге қаржылай көмек берді.
Білім бөлімі Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 3 оқушыға сөмке оқу құралдарымен көмек берді.
Мектеп мұғалімдері демеуші ретінде көмек көрсетіп, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 5 оқушыға сөмке оқу құралдарымен мен қаржылай көмек табысталды.
1 сыныпқа баратын 6 оқушыға сөмке оқу құралдарымен Халық банк тарпынан демеушілік көмек берілді.
Балқаш қаласының Жастар орталығынан 4 сөмке оқу құралдарымен демеушілік көмек көрсетілді.