“Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес “Медицинаға қадам” облыстық жобасы аясында мектебіміздің медбикесі М.Сатбекова медициналық сынып оқушыларына адамның қан қысымын өлшеуді үйретті.
Дата: 2025-01-17 20:47:19
“Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес “Медицинаға қадам” облыстық жобасы аясында мектебіміздің медбикесі М.Сатбекова медициналық сынып оқушыларына адамның қан қысымын өлшеуді үйретті. Ол алдымен қан қысымын өлшеудің маңыздылығын түсіндірді, сосын дұрыс әдіс пен қажетті құралдарды қолдануды көрсетті. Оқушылар манжетті дұрыс орнатуды, фонендоскопты қолдануды және құралдың көрсеткіштерін қалай дұрыс оқу керектігін үйренді. Бұл тәжірибелік сабақ оқушыларға медициналық дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.