Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Күні: 20.09.2024 Қатысқаны: 18 Қатыспағаны: 11
Күн тәртібінде:
1. 11 сынып оқушылардың білім сапасы (сынып жетекшісі Скакова Л.А.)
2. Ұлттық білім тестілеуге дайындығы (сынып жетекшісі Скакова Л.А.)
3. ҰБТ-білім сынағы (кеңес) («Кемел» білім беру орталығының директорының міндетін атқарушысы Керімбек Мейрамбек, Балқаш қаласының тестілеу орталығының сарапшысы Екпінқызы Айзада)
4. Жасөспірімнің психикалық денсаулығы(психолог Абдуалиева З.Н.)
1.Тыңдалды. Мақсаты: ҰБТ-ны сәтті тапсыруды қалыптастыру бойынша ата-аналар мен педагогтардың күш жігерін біріктіру
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісіЛ.Скакова сөз алып ата-аналарды 11 сынып оқушыларының білім сапасы туралы ақпарат берілді. 2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы 50 % құрайтынын айтты. 2.Тыңдалды. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ тілі,математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,шет тілі, информатика. Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша шығармашылық емтихан тапсырады. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. ҰБТ-жасөспірімдер үшін ересек өмірге жолдамамен таныстырып, ата-аналарды баланың дайындығына жауапкершілікпен қарауға шақырды Сонымен қатар ҰБТ-ге тіркелу тетіктері туралы мәлімет берілді. Ата-аналар өздерін толғандырған жауаптарын алды, кері байланыс жасалып,ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жоспарлы жалғастырылуын айтты. 3.Тыңдалды. Балқаш қаласының «Кемел» білім орталығының директоры ҰБТ-ны өткізу туралы жаңалықтарымен таныстырып өтті.Биыл ҰБТ-ны ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 5 рет қаңтар, наурыз,маусым-шілде,тамыз айларында өткізілетіндігін хабардар етті. Балқаш қаласының тестілеу орталығының сарапшысы Екпінқызы Айзадасөз сөйледі. ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 астрономиялық сағат. Тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады. Апелляция Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті бітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды. Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсетуі керек. ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады : сөйлесуге ; орнынан тұруға ; орын ауыстыруға ; кез-келген материалдар және заттармен алмасуды жүзеге асыруға ; аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы байланыс телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және анықтамалық құжаттарды (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқаларын) алып кіруге және қолдануға; Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады және оның тест нәтижелері жойылады. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған соң (3,0 сағат) емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан мектеп бітірушінің жұмысы өңделмейді. 4.Тыңдалды. Мектеп психологі Абдуалиева ҰБТ-ға дайындық және оның талаптары барысында жасөспірімге психологиялық көмегі туралы айтты.Әрбір ата-ана түсіну керек жолдарымен танысты:сүйіспеншілік,ынталылық таныту, оқушыны сыйлау және қауіп қатердің кең таралған факторларымен таныстырылды. Шешім: 1.Мектеп психологы З.Абдуалиеваның психологиялық кеңес беруі жүзеге асырылсын. 2.Білім алушылардың ҰБТ-ге дайындығын бақылау мақсатында қазан-қаңтар айларыаралығында мектепішілік тест жұмыстары алынсын. 3. Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушылардың дайындығы күшейтілсін. 4. Ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, Ұлттық біріңғай тестілеуге оқушылардың дайындығы қадағалансын.
Сынып жетекшісі: Скакова Л.А.