Педагог – психологтың жылдық жұмыс жоспары
Дата: 2024-09-11 10:42:56
Міндеттер:
- Білім беру ұйымында әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық талдау, негізгі проблемаларды анықтау және оның туындау себептері мен шешу жолдарының әдіс-тәсілдерін анықтау;
- Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- Білім алушылардың,тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік жағынан жетілуіне септесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- Білім алушылардың тұлғасын психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
- Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
- Білім беру үдерісі субьектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.