2023-2024 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру есебі

Дата: 2024-05-21 10:02:17

2023-2024 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру есебі

Кәсіптік бағдар бойынша

2023 – 2024 оқу жылының есебі

Орындаған: Жетпісқызы А

         “Елдің ертеңі – өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтар тәрбиелеу үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір мұғалімнің алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді”

Жұмыс мақсаты: Оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік

салаға бейімділігін анықтауына, соның негізіндежоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауынакөмек беру;

        Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері:

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

            Оқушыларды кәсіптік бағдарлауға бағытталған іс-шаралар: Оқушылармен жұмыс кезінде жас ерекшеліктері, жеке тұлғаның жеке даму ерекшеліктері, мамандық таңдауда қызығушылықтары мен бейімділігі ескерілді. Сондықтан алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіптік бағдар бойынша әр түрлі жұмыс түрлері қолданылды.

           Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруде жас ерекшелігін ескере отырып, төмендегідей жұмыс формаларын жүргізілді:

1 – 4  сыныптар үшін ойын, әңгіме, мамандықтар әлемі сурет көрмесі, эссе.

«Мен өскенде кім боламын?» тақырыбында суреттер салу, «Осындай мамандықтар бар» кітапхана шолу жасау, «Мамандықтың бәрі жақсы» сынып сағаттары, «Анам – әкем жұмыста» бейнежазба әзірлеу сияқты түрлі іс - шаралар өткізілді.  Кәсіптік ақпарат арқылы балалар әлемде бар мамандықтар туралы мәліметке қанығып, олардың адамзат өміріндегі маңызын түсінеді. Сондай-ақ өзі қызыққан мамандықты игеру үшін нендей талап керегін де біле алады. Әрине, әлемде сан алуан мамандық болғандықтан олардың бәрін қамту әрі толыққанды ақпарат беру уақыт аларлық жұмыс. Дегенмен  базалық әрі заманауи мамандықтар туралы көп айтуға тырыстым. Сол арқылы экономикалық тұрғыда тиімді және қоғамға пайдалы мамандықтың таңдауына жағдай туғызу.

5 – 9 сыныптар үшін сауалнама жүргізу, тренинг, саяхат (қоғамдық ұйымдар, мекемелерге т.б) ашық есік күні (кәсіптік лицейлер, колледждер) студенттермен кездесу. Тренинг түрінде топтық кәсіптік бағдар беру сабақтары, оқушылармен сынып сағаттары өткізілді. Сауалнама жүргізілді, сыныптарда мамандық ерекшелігі талқыланды, әр оқушының қызығушылығы мен кәсіби таңдауы анықталды.

5 - 7 сыныптары арасында  "Кәсіптер әлемі", "Мамандық және мамандық туралы түсінік", "Мамандықтардың көп қырлы әлемі» тақырыптарында сынып сағаттары мен суреттер сайысы өткізілді.  Балаларды көптеген мамандықтар қызықтырды,олар кәсіптер әлемі туралы көп жаңа ақпараттар білді.

8-11 сынып оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау, кәсіби таңдау мәселелері бойынша студенттермен кездесулер өткізілді. «Мың мамандық бар, таңдап, талғап бірін ал!» тәрбие сағаттары, «Менің болашақ мамандығым» квест ойыны, «Мамандығым мақтанышым» дөңгелек үстел, «Менің болашақ мамандығым» эссе, «Армандар орындалады» тренинг өткізілді. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Кәсіптік диагностика– Оқушылардың кәсіптік іс-әрекетке қабілеті мен бағыттылығын анықтау және өлшеумақсатында автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық диагностикалық зерттеулер нәтижелері төмендегідей: Оқушылардың басым бөлігі өздерінің қабілеттері, әр түрлі мамандықтар туралы ақпарат және одан әрі кәсіби өсудің болашағы туралы білімдерге қызығушылық танытты, бұл олардың сауалнамадағы жауаптарын көрсетеді.

Кәсіптік білім беру мекемелерінде ашық есік күндері ұйымдастырылып, оқушылар қатысты.Іс-шараның мақсаты: талапкерлерге аса маңызды таңдау жасауға, болашақ мамандығын таңдауға көмектесу, оқу орнының қыр-сырымен таныстыру.  Сөзсіз, мамандық таңдау адам өміріндегі шешуші сәттің бірі. Болашақ табыс көлемі, өмір салты, қоғамдық пікірінің қалыптасуына оқыған мамандығы мен кәсіби қызметі тікелей әсер ететіні бар. Егер оқушы өзінің икемі мен қызығушылығынан тыс мамандық таңдаса, ересек өмірге қадам басқан шақта жұмысқа құлшынысы төмендеп, көпжылдықтұрмысқа арналған жоспарларқұруға ынтасы болмайды. Сол себепті оқушыларға экскурсия ұйымдастырылып, оларға колледж мамандықтар, құжаттарды қабылдау ережелері мен тәртібі, мүмкін болатын перспективалар, колледждің әлеуметтік өмірі туралы айтылды.

SWOT - талдау

S-жақсы жақтары:Оқушылар осы экскурсиялар мен кездесулер арқылы өздерінің таңдап жүргенмамандықтарын көзбен көріп, дұрыс мамандық таңдауына кәсіби бағыт бағдар алды.

W-әлсіз тұстары:

Әр өткізіліп жатырған экскурсияларға баруда көлікпен қамтылса, экскурсиялардан алған әсерімен бөлісу, пікіралмасу, талдау, қорытындылау керек деп есептимін. Сондықтан осы сыныптарға ашық әңгімелесуге1 сағаттық үйірме қарастырылса.

O-қауіп-қатер тұсы:

Оқушылармен «Ашық есік күні», экскурсиялар мен кездесулер өздерінің өте жақсы тұстарын көрсетеді. Алайда оқушының сол кездегі көз қарасы дәл сол сәтті байқайды. Терең үңілгенде уақыт өткен соң оқушы көңілінен шықпауы мүмкін, бала дұрыс таңдау жасай алмай өкініш болу мүмкін.

Т-даму мүмкіндігі:

Заман талабына сай оқушының сұранысына сәйкес өзге қалалардағы мамандық түрлерімен онлайн байланыс орнату тікелей сұхбаттасу. Оқушының мамандықты дұрыс таңдау жасауына мүмкіндіктер орнату.

Қорытынды:

2023-2024 оқу жылы бойынша мектебімізде қазіргі қоғам экономикасының сұранысын ескере отырып, білім алушыларды кәсіби бағдарлау бойынша мақсатты жұмыстар мүмкіндігінше жүргізілді. Білім алушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруда сыныптан тыс қызметтің әртүрлі нысандары, заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады