«Медицинаға қадам»
Дата: 2023-10-31 13:57:26
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологы Абдуалиева З.Н. «Медицинаға қадам» медициналық сынып жобасын жүзеге асыру бойынша8-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізді.
Мақсаты: Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру, медицина саласына деген қызығушылығын анықтау.
Қорытынды: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 8-9 сынып оқушылары аралығында сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар өздері қалаған мамандықтарды таңдаған. Оның ішінде медициналық мамандыққа 15 оқушы баратыны анықталды.