«Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс

Дата: 2015-05-08 05:59:35
«Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс

«Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс

Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана алуға баулу  мақсатында Ата заңымыздың 20 жылдығына орай 9 сыныптар арасында «Заңды білу – заман талабы» атты интеллектуалды сайыс  05.05.2015 жылы өткізілді. Сайысқа 9 сыныптардан 4 топ қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Сайыс 5 бөлімнен тұрды:

1. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)
2. Сұрақ – жауап(әр топқа 5 сұрақтан)
3. Орнына қой(Конституция баптары бойынша)
4. Үй тапсырмасы(плакатты қорғау)                                                                                                  
5. Тест(Капитандар сайысы)
6. Мақал-мәтел.
Сайысқа 11-сынып оқушылары яғни мектеп түлектері әділ қазылық жасады.
    Қорыта келгенде 1- орынды 9 Ә сыныбының «Жалын»  тобы , 2-орынды  9 Г сыныбының «Заң»  тобы иеленетін болса, 3-орынға 9 Б сыныбының «Достық» тобы ие болды .