«Мен және заң »
Дата: 2023-02-19 16:19:56
14.02.2023 жылы мектеп кітапханасында құқықтық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру үшін және Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында «Мен және заң » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашы З.Шайбекова оқушыларды кітап көрмесіне жинақталған Ата заңымыздың шығу тарихы мен адам құқықтарын қорғайтын заңдар туралы ақпарттармен таныстырып, «Бала құқығы туралы конвенция»туралы шағын мәлімет айтып өтті. «Балалар құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-да қабылданды. Біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» 2002 жылы 8 тамызда «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.