Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдер
Дата: 2022-06-15 09:31:57
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді (IP: 77.245.105.165) әзірледі:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Атқарылған жұмыс туралы мәліметті қосымшадағы 1-кестеге сәйкес 2022 жылғы 21 маусымға дейін жолдауды сұраймыз.
№ |
Өңір атауы |
Өңірдегі балабақшалар мен шағын орталықтардың жалпы саны |
Порталдарды сайттарына орналастырған балабақшалар мен шағын орталықтар саны |
Өңірдегі орта білім беру мекемелерінің жалпы саны |
Порталдарды сайттарына орналастырған орта білім беру мекемелерінің саны |
Өңірдегі кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің жалпы саны |
Порталдарды сайттарына орналастырған кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|