Размер шрифта:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдер

Дата: 2022-06-15 09:31:57

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді                          (IP: 77.245.105.165) әзірледі:
 
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
 
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
 
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы;
 
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
 
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
 
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
 
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
 
Атқарылған жұмыс туралы мәліметті қосымшадағы 1-кестеге сәйкес              2022 жылғы 21 маусымға дейін жолдауды сұраймыз.
 

Өңір атауы

Өңірдегі балабақшалар мен шағын орталықтардың жалпы саны

Порталдарды сайттарына орналастырған балабақшалар мен шағын орталықтар саны

Өңірдегі орта білім беру мекемелерінің жалпы саны

Порталдарды сайттарына орналастырған орта білім беру мекемелерінің саны

Өңірдегі кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің жалпы саны

Порталдарды сайттарына орналастырған кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: өңірлік білім басқармалары тарапынан жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша мониторинг жүргізілетін болады