Оқушылар арасындағы «Репродуктивті денсаулықты және жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қорғау жобасы» аясында жүргізілген жұмыс ақпары
Оқушылар арасындағы «Репродуктивті денсаулықты және жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қорғау жобасы» аясында жүргізілген жұмыс ақпары
Балқаш қаласы «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде 2022 жылдың 4 ақпанында мектеп медбикесі Сатбекова М.Қ.мен мектеп психологы Абдуалиева З.Н. ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында «Репродуктивті денсаулықты және жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқын қорғау жобасы» аясындаәңгіме жүргізілді. Мақсаты :Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан-жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу үшін көптеген кеңес берілді.Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы оқушыларға айтып, түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Орындаған: Абдуалиева З.Н.