«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет»
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 01.11.2014 ж. күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында жиналыс болып өтті. Жиналысқа әкелер кеңесінің тұрағасы Төлеубеков А. , мүшесі Разахов Д. және Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Абеуов А.М., сонымен қоса мектеп директоры А.Т.Төкейбекованың және сынып жетекшілері қатысты. Мектеп оқушылары арасындағы тәртіп бұзушылық туралы әлеуметтік педагог Нұрмаханова Д. мәлімет жасады. Ал Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Абеуов А.М. қала бойынша жасөспірімдер арасындағы болып жатқан құқық бұзу жағдайларына тоқталды. Құқық бұзушыға қолданылатын айып түрлеріне тоқталды. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің баптарымен таныстырды. Әкелер кеңесінің төрағасы Төлеубеков А. С абақты жиі босатанын оқушылар, таңғы жаттығуға кешігіп келетін оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргілетіні туралы, күзгі каникул кезінде «Түнгі қала» рейдін ұйымдастырылатынын хабарлады.