Ақпар
Ақпар
Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Осыны ел болғалы бері Мемлекетіміздің тұңғыш президенті өзінің «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабында ұрпаққа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тарқата келіп: «Жастар біздің болашағымыз» дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек», деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді. Мектебімізде 25.11.21 күні «ҚР Бала құқығын қорғау туралы заң» атты оқушыларымызға бейнероликтер таратылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Әкелер кеңесінің төрағасы Жұматаев Марат Қадырұлы оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтырып, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыруға өз үлесін қосты. Негізгі мақсатымыз оқушыларды Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ.Ендеше болашағымыздың тірегін тәрбиелеуде бүгін кішкентай болғанмен, ертеңгі мықты азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың дәл қазір құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады.