«Өркен»
Дата: 2022-01-21 11:43:43
19.01.22 күні «Өркен» дебат клубының ұйымдастыруымен «БП оқушылардың білімін бағалаудың он балдық жүйесін енгізу негізсіз деп санайды» тақырыбында дебат ойыны өтті. АПФ форматында өткізілген ойынға 8-10 cынып оқушылары қатысты. Әр түрлі көзқарас, әр түрлі пікір қалыптасып, сан қырлы аргументтер оқушылардың жан-жақтылығын көрсете білді. Тартысты ойын нәтижесінде «Үкімет» тарабы жеңіске жетті.