«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!»

Дата: 2022-01-21 10:20:00
Мектебімізде облыстық оқу сауаттылығы апталығы: «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» аясында 18.01.күні 6 “А”сынып оқушылары «Менің отбасым және кітап» тақырыбында фотоакцияға қатысты.Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оның үлкен жетістік екенін ұғындыру.
Оқушылар фотоакцияға белсене қатысып, оқушылар ата-аналарымен бірге кітап оқып,оның мазмұнын бірге талдау арқылы білімдерін кеңейтті.Отбасымен кітап оқу отбасы қарым-қатынасын нығайтуға ықпал ете түсті.Кітаптың құнды құдіретін біліп, оқу арқылы сезімге,ерекше көңіл-күйге бөлену тәрбиенің баға жетпес қазынасы."Кітап оқысаң, білімді боласың, өнерлі болсаң, сыйлы боласың".