Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№8 Жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өткізілген іс-шара ақпары.
12.11.2021 ж. күні мектебіміздің кітапханашылары мен ОКЖ №1 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тренинг сабақ өткізілді.
Мақсаты:Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тренинг сабаққа мектебіміздің 8 «б» сынып оқушылары қатысты. Тренинг барысында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның менеджері А.Қ.Оңғарбек : «Несие алғанда неге мән беру керек?», «Ақша сендерді емес, сендер ақшаны басқаруларың керек!», «Байлық тиыннан құралады» деген пікірлерімен бөлісіп, өз кеңестерін айтты. Сонымен қатар оқушылар да бірнеше сауалдарын қойып, пікіралмасты.