«Тіл-рухани қазына »

Дата: 2021-09-07 11:48:57

       03.09.2021  жылы мектеп  кітапханашылары 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай оқушылар бойына мемлекеттік тілімізді сүюге,әрқашанда  мәртебесін биік ұстап мақтан тұта білу және  мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына өз үлестерін қоса білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу  мақсатында  «Тіл-рухани қазына»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

     Кітапханашы З.Шайбекова  5-сынып оқушыларына кітап көрмесіндегі танымдық ақпарттарға шолу жасап, тіл мерекесі туралы мәліметтермен таныстырып өтті.Сонымен қатарТіл мерекесі  «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай яғни, 5-қыркүейекке бекітілгені жөнінде ақпарат беріп өтті.