"Мотоцикл" атты акция
Жол -көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымының мүшелері Балқаш қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны А.Е Акашевтың ұйымдастыруымен мамыр айының 20-21 күндері аралығында "Мотоцикл" атты акция ат салысты. Бұл акцияны жол-көлік апаттарын азайтуға ықпал ету мақсатымен ұйымдастырылды. Өзін-өзі басқару ұйымының үндеуіне әсіресе, мотоцикл, скутер және велосипед жүргізушілері ерекше көңіл аударды. Өйткені, дәл осы азаматтар жылдамдық асыра тұра, арнайы киімді киюге құлықсыздық танытады. Бүгінгі акцияны көрген адамдар алдағы уақытта көлігінің екі жағындағы айнаға жиі қарайды деген үміттеміз. Мотоцикл, әрине, жылдамдықты қажет етеді. Сол себепті, рөлдегі азаматтар көшеде артқы жақта келе жатқан осы көлікке де көңіл аударса дейміз. Жастарына қарамастан жол жүру ережесін жақсы білетін велосипед мінген өрендер де өз кезегінде ерексектерді көшеге қырағылық танытуға шақырды.