«100 кітап» жобасы

Дата: 2021-04-19 16:13:35
Мектебімізде «100 кітап» жобасының жетекшісі Г.С.Айтқұлованың ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларының арасында «Анимациялық мультфильм» сайысы және «Анимациялық жинақ» жобасы өтті.
6-сынып оқушылары Ы.Алтынсарин әңгімелері, А. Байтұрсынұлы мысалдарын оқи отырып, өздерінің мүмкіндіктеріне сай іздене отырып, «Анимациялық мультфильм», 7- сынып оқушылары Б.Момышұлы өлеңдері мен қанатты сөздерінен «Анимациялық жинақ» жасап, қорғады.Жобалар өз деңгейінде қызықты өтті, жасаған жұмыстарын көріп отырып, кейіпкерді дыбыстауда, мінезін көрсетуінде, таңдап, қолданған кейіпкерлерін монтаждауларында, қорғауда таңдаған шығармаларының негізгі идеясын, айтпақ ойын түсінгендерінен байқауға болады.Кей жұмыстарды көріп отырып, тыңдай отырып, қуана отырып, еріксіз езуіңе күлкі үйіріледі. Әрине ол күлкі оқушыларымыздың соншалықты беріліп, ізденулерінің арқасы, яғни соншалықты жоғары деңгейде болмаса да оқушыларымыздың талпынысы, тіпті ата-аналарының ат салысуы бұл жобаның да өз тиімділігін аңғартады.Бұл жобалар кітап оқумен қатар, жаңа технологияны меңгеруге, дубляждауға үйретеді. «Талаптың тоқпағы тасқа шеге қағады» демекші осы жоба арқылы жаңа технологияның тетіктерін меңгеріп, өздерін жаңа қырларынан ашатыны сөзсіз.
Возможно, это изображение в мультипликационном стиле (экран и текст)
Возможно, это изображение (текст)
Нет описания фото.
Возможно, это изображение в мультипликационном стиле (3 человека и экран)