«Жақсы кітап-жан азығы»
Дата: 2021-04-16 14:27:28
№ 8 Жалпы білім беретін мектеп кітапханашылары ұйымдастырған «Жақсы кітап-жан азығы» атты әңгіме-сағаты ақпары14.04.2021 ж мектебіміздің кітапханашылары 9-сынып оқушыларымен «Жақсы кітап-жан азығы» атты әңгіме-сағатын ұйымдастырды.Бұл іс-шараның басты мақсаты оқушыларды кітап оқу арқылы өздерін тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жастарымызды рухани байлық алуға шақыру , мейірімділікке баулу, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.Кітапханашы З.Шайбекова әңгіме-сағатын атақты жазушы Максим Горькийдің «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – деген нақыл сөзімен бастап, оқушыларға кітап оқудың адамзат баласына тигізетін орасан зор пайдасы туралы айтып өтті «Жақсы кітап-жан азығы» демекші жақсы кітап оқи отыра өз-өзіңді тәрбиелеп, жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырды.Сонымен қатар осы іс-шарада оқушылармен Ф.Оңғарсынованың "Дауа", «Алғашқы сабақ» кітаптарындағы халқымыздың мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлерін талдап , Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан" романындағы қарапайым қазақ қызы Ұлпанның өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйренуге шақырды.
Шара соңында Серке Қожамқұловтың «Кітап-өмір ұстазы.Сондықтан жас өспірімдер кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес» деген қанатты сөзімен аяқтап,оқушыларды кітап оқуға шақырды.