«Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үш тілді білім берудің кіріктірілген апталығы»
Дата: 2021-04-16 14:07:19
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Зейін» жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және үш тілді білім берудің кіріктірілген апталығы» барысында 9 В сынып оқушыларымен «The smartest» атты викториналық ойын өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойында зияткерлік сауаттылықты, тапқырлықты, шешім қабылдау жеделдігін дамыту, пәндік дағдыларды қалыптастыру.
Викториналық ойын 3 кезеңнен тұрады. 1 – кезеңде пәнаралық байланысты дамытуға бағытталған жан – жақты ауызша сұрақтар берілді. Дұрыс әрі бірінші болып жауап берген оқушылар алдыға шығып, нәтижесінде оқушылар 3 топқа бөлініп, әрі қарай ойын топтық жарысқа алмасты. 2 – кезеңде әр топқа жұмбақталған сұрақтар берілді, оқушылар топтағы ұйымшылдықтарын іске қосып берілген сұрақтың жауабын бірлесе отырып іздеді. 5 минуттан соң топтардың жауаптары алынды, өз тобына берілген сұраққа жауап дұрыс берілмеген жағдайда басқа топтар сол сұраққа жауап беру арқылы қосымша балл жинауға мүмкіндік алды. 3 – кезеңде жоғары балл жинаған екі топ қана қалды. Олар өзара бір – біріне сұрақ жасырды. Бұл кезеңде шапшаңдық ескерілді. Бірінші болып жауап берген топ жеңіске жетті. Жеңген топтың оқушыларына қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыйлықтар да берілді. Ерекше белсенділікпен атсалысқан оқушылар: Сұлтанова Мерей, Мадиярұлы Дияс және Жантасова Карина деген оқушылардан құралған топ жеңіске жетті. Өткізген: химия пәнінің мұғалімі, Ақатай П.М.