Құрметті жол қозғалысының қатысушылары!
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - келешекті сақтау. Қазақстанда күн сайын балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Бала көбінесе жалпы жағдайға бейімделіп, ережелерді аса назарына ала қоймайды. Балалар үшін (ересектерге де сияқты) көпшілік хабардар бейім. Жаяу жүргіншілердің ережелерді бұзу жиілілігі (мысалы, бағдаршамның қызыл белгісіне өту) едәуір шамада жаяу жүргіншілердің біреуінің арандататын мінез-құлқына тәуелді болатыны дәлелденген. Жолда жиі мынадай бейнені байқауға болады: анасы тиісті емес жерде өз баласының қолынан тартып жолды өтеді. Ал, ертең осы бала өз еркімен жүргінші бөліктің сол жерінен жүгіріп өтеді, себебі ол «Мен оны анам сияқты істедім»-деп өзінің әділдігіне сенімді болады. Сондықтан біз бәріміз — ересектер — балалардың жолдағы тәртібіне жауаптымыз.