«Жігіт сұлтаны-2014» байқауы
08.05.2014 жылы жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 7-мамыр Жеңіс күніне арналған «Жігіт сұлтаны - 2014» байқауы өтті. Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатысты.Олар- 9Б сынып оқушысы Тлеукенов Бейбарыс, 9В сынып оқушысы Абдікенов Жансерік, 9Г сынып оқушысы Еспай Ернұр,10А сынып оқушысы Арсланов Сабыржан, 10Б сынып оқушысы Есімханов Керім. Сайыстың барысы - І. бөлім. « Тегімді менің сұрасаң...» өзгеше жанрда өзін таныстыру, II. бөлім. « Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы, III. бөлім. « Көркіне ақылы сай» салт – дәстүрге байланысты сұрақ-жауап сайысы, IV. бөлім. «Ердің асылы күшінен білінеді» гір тасын көтеру, V. бөлім « Тығырыққа тірелгенде». Сайыскерлер конверт таңдап, конверттегі тапсырманы сол жерде орындау. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені- 10А сынып оқушысы Арсланов Сабыржан, І орынды-10Б сынып оқушысы Есімханов Керім, ІІ орынды-9Г сынып оқушысы Еспай Ернұр, ІІІ орынды-9Б сынып оқушысы Тлеукенов Бейбарыс және 9В сынып оқушысы Абдікенов Жансерік иеленді.