Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу

Дата: 2021-03-26 09:29:41
Көктемдік демалыс кезінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу барысындағы отбасылық бейнероликтер байқауының ақпары 2021 жылдың 23 наурызы күні онлайн түрде 2-ші сыныптар арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу барысындағы отбасылық бейнероликтер байқауы өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын кейінгі жас ұрпаққа үйрету, қазақи тәрбие беру барысында, салт-дәстүрлерлің ұмытылып кетпеуін қадағалап, дәріптеу.
Бейнеролик байқауына 4 отбасы қатысты. 2 А сыныбы бесікке салу, 2 Ә сыныбы асық ойынын, 2 Б сыныбы тұсау кесу, 2 В сыныбы шілдехана дәстүрлерін көрсетті. Байқау бойынша барлық бейнеролик мән-мағыналы. Нәтижесі бойынша 2А сыныбы 1-орын, 2Б 2-орын 2Ә,2В 3-орынды иеленді.
Байқауды өткізген 2 «Б» сынып жетекшісі Тлеуберлина Гүлнұр Бекболатқызы.
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/950686892422865