«Аты аңызға айналған тұлға»

Дата: 2021-03-10 16:44:02
10.03.2021 жылы мектебімізде директор жанындағы ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Мырзабаева және мектеп кітапханашысы З.Н.Шайбекованың ұйымдастыруымен оқушыларды Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен , шығармаларымен таныстыру және отанға, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту жас ұрпақты елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында халқымыздың аты аңызға айналған даңқты қаhарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына арналған«Аты аңызға айналған тұлға» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Конферецияға 5Ә Ұландар сыныбы және 7сынып оқушысы Балғымбекова Назерке, 9 сынып оқушылары Омарова Назерке, Мүкарам Инабат,10 сынып оқушысы Арманқызы Сабина және қазақ тілі мұғалімі Манаева Айгерім қатысты.
Осы іс-шара барысында оқушылар бала Бауыржаннан-батыр Бауыржанға дейінгі өмір жолдары туралы әңгіме- сұхбат жүргізіліп, батыр атамыздың өз қаламынан шыққан туындыларымен, қанатты сөздеріне шолу жасады. Сонымен қатар батырдың балалық шағы суреттелген «Ұшқан ұя» кітабына тоқталып, өзара сұрақтар қою арқылы кітап мазмұнын талқылады.
Шара соңында ұйымдастырушылар Б.Момышұлының өмір жолын үлгі ете отырып оқушыларды батыр аталары сияқты ұлтжанды, өжет, шыншыл болуға шақырды.
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и в помещении)
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (5 человек, ребенок, люди стоят и в помещении)