Еліміздің ертеңі жастарымызды отаншыл, патриот ретінде тәрбиелеу
Дата: 2021-02-10 18:54:15
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 32 жыл. Тарих қойнауына еніп, санадан көмескіленіп бара жатса да, әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген интернационалист – жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін үлгілі жандар. Еліміздің ертеңі жастарымызды отаншыл, патриот ретінде тәрбиелеуде сүбелі үлес қосып жүрген ауған ардагерлері Отанды сүю әркімнің бойында болуы керек қасиет екенін жиі айтып келеді.
10-ақпан күні Ауған соғысының ардагері Б.Мейірханұлы қашықтықтан оқушылармен кездесті.Кездесу барысында жалындаған жастық шақтарын отты жылдарға арнаған интернационалист –жауынгер шәкірттермен жүздесу барысында әскери өмірлерінен сыр шертті.Оқушылар жауынгер ағаларының әскерге қалай барғаны, әскерден кейінгі өмірлерінде қорқыныш сезімі қалды ма деген сұрақтарға жауап алып жатты. Б.Мейірханұлы қазіргі Тәуелсіз елдің жастарына өз тілегін білдіріп, елінің нағыз патриоттары болуға шақырды. Кездесуді мектеп директоры А.Токейбекова қорытындылап, ауған соғысының ардагерлеріне мектеп ұжымы, оқушылар атынан алғыс айтты.