« Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбы
Дата: 2021-02-07 20:30:28
Бүгін 05.02.2021 2-ші сыныптар арасында « Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы» республикалық педагогикалық оқулар өтті.
Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
2 – сыныптардың ұйымдастырылуымен өзін-өзі тану туралы мағлұмат алатын «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасы «Мен АДАММЫН», «Тағылым», «Қазақтардың дүниетанымы» С.Назарбаеваның еңбектері т.б өзін-өзі тану негізінде, баланың адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру мақсатында ақпарат көздерімен таныстырылды.«Алтын жүрек анамыз» тақырыбында өлеңдер сайысы ұйымдастырылды.Бүгінгі сайыс өз дәрежесінде қызықты,тартымды өтті.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» өскелең ұрпаққа берген білімімізбен тәрбиеміз, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасасын. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдемін.