«Менің атым-Қожа»
Дата: 2021-01-23 17:17:45
Мектебімізде «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» атты апталық барысында
оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың повесі желісінде түскен «Менің атым-Қожа» және режисер Е.Рақышовтың «Менің де атым-Қожа » фильмдерін көре отырып фильмдерді өзара салыстыру, негізгі ойды ұғындыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету; Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында 7-сынып оқушыларының қатысуымен пікір алмасу ұйымдастырылды.
Оқушылар фильмдегі басты кейіпкерлер Қожа бейнесінің іс-әрекеттерінің жағымды жағымсыз қылықтары туралы өз ойларын ортаға салып, осы екі фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.