Размер шрифта:

Интерактивті технологияны сабақта пайдалану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы

Дата: 2014-03-25 06:42:08

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да мектеп. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тек оқушының шығармашылық шабытын шыңдап қана қоймай, ғылыми көзқарасын да қалыптастырады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.

 Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу пәнін толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасауға болады.

Сонымен қатар, білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымыздың әлемдік білім мен ғылым жетістіктерінен хабардар болып, оларды игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.

 

Осыдан келіп бүгінгі таңда  педагогтерге қойылатын көптеген талаптар туындалып отыр. Мәселен, мұғалімдердің құзырлылығы қалыптасуы керек, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы (АҚҚ) қалыптасуы өте қажет. Ал ол ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруімен сипатталады. Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану үшін төмендегі талаптар орындалу керек: 

Интерактивті тақтамен жұмысты меңгере білу.

Интерактивті тақтаның арнайы бағдарламаларымен жұмыс жасау.

Электрондық оқулықтарды, олардың ішкі модульдерін жаңа тақырыпқа байланысты қолдана білу.

Интернет-технологиямен жұмыс жасау.

Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасай білу.

 

         Бүгінгі күнгі мектептің АКТ бойынша материалдық-техникалық базасына тоқталар болсақ,       барлық компьютер саны – 55, оның оқу процесіне бөлінгені  – 36 компьютер  (1 компьютерге – 15 оқушыдан). Басқа қолданыстағы компьютерлер саны – 11

           Мультимедиялық кабинетте-17 компьютер, 1интерактивті тақта бар, кең жолақты интернетке қосылғаны -10 компьютер.

Информатика кабинетінде жұмыс жасайтыны 11компьютер, 10 компьютер инертнетке қосылған.

          Химия, биология кабинеттері жаңа модификациялы, №39, №31 математика кабинеттерінде жаңа ЛСД подиум компьютерлері орнатылған, физика, математика, тарих, қазақ тілі, география кабинеттерінде интерактивті тақта бар.

         Оқу ісінің орынбасарларында-2 компьютер, бухгалтерияда 3, іс-қағаз жүргізушіде-1 компьютер, әлеуметтік педагог және психолог кабинеттері компьютерленген. Локальды жүйе бойынша кең жолақты ғаламторға 30 компьютер, 8 нүкте қосылған.

     

 

 

ЖББ №8 мектептің интерактивті қондырғылар орнатылған кабинеттер туралы мәлімет 2013 – 2014 оқу жылы

 

Кабинет №

Кабинет атауы

Компьютер саны

Олардың ішінде жұмыс жасайтыны

Олардың ішінде жұмыс жасамайтыны

Интернетке қосылған компьютер саны

интернетке шығу нүктелер саны

28

Информатика

19

11

8

10

-

42

Физика

1

1

-

1

1

27

Мультимедия

17

17

-

10

1

 

Оқу, тәрбие ісінің орынбасарлары

2

2

-

-

-

35

Тарих

1

1

-

-

-

41

Химия

1

1

-

1

1

43

Қазақ тілі

1

1

-

-

-

39

Математика №39

1

1

-

1

1

45

Биология

1

1

-

1

-

31

Математика №31

1

1

-

-

1

36

География

1

1

-

-

-

 

Бухгалтерия

3

3

-

3

1

 

Директор каб.

1

1

-

1

1

 

Хатшы

1

1

-

1

1

 

Кадрлар бөлімі

1

1

-

1

-

 

Психолог

1

1

-

-

-

 

Әлеуметтік педагог

1

1

-

-

-

 

Мед.кабинет

1

1

-

-

-

 

Интернетке қосылғаны барлығы: 30 компьютер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖББ №8 орта мектеп бойынша интерактивті  тақтасы бар кабинеттер туралы ақпарат.

 

 

 

 

 

 

 

ЖБ

РБ

 

1

Математика№31

1

-

2012 ж.

 

+

1

2

Математика№39

1

-

2012 ж.

 

+

1

3

Мультимедия

1

-

2007 ж.

 

+

-

4

Тарих

1

-

2009 ж.

 

+

 

-

5

География

1

-

2009 ж.

 

+

-

6

Биология

1

-

2010 ж.

 

+

-

7

Физика

1

-

2009 ж.

 

+

-

8

Химия

1

-

2009ж.

 

+

-

9

Қазақ тілі

1

-

2007 ж.

 

+

-

Оқыту үдерісінің қорын кеңейту, толықтыру, жаңарту,  мультимедиялық  қосымшаларды қолдану  жолға қойылған. География сабағында мультимедиялық электронды оқулықтарды Жумабекова Б.Ө., физика пәнінің мұғалімі Қанат Д.К., химия сабағында Сакенова Н.Т., математика пәндерінің мұғалімдері Дагилова Л., Тишбекова Г.Т., биология сабағында Мырзабаева Г. жүйелі қолданады. Мейрам Т.Т. сабақтарында флипчарттарды  пайдалана отырып тиімді өткізеді.

Мұғалімдердің компьютерлік сауаттылық деңгейі әртүрлі, бірақ оның тілін мүлде білмейтін ұстаз жоқ, олар өз жұмысына қажетті Word, Excel бағдарламаларын игерген. Қазіргі кезде  мектепте интерактивті тақта арқылы сабақ өткізіледі.            Мектебіміздің мұғалімдері сабақ ұрдісінде флипчарт, слай-фильмдарды қолданады, оны өздері де жасай алады. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстары аса төмен деп бағалай аламын. Себебі, мұғалімдер әлі де болса негізінен интерактивті тақтасы бар кабинетте   тұрып, қарабайыр, қызықсыз сабақтар өткізеді.           Биология, мультимедия, химия, физика, математика №31, география кабинеттерінде флипчарттар базасы бар,толықтырылу үстінде. Ал тарих, математика №39 кабинеттерінде   база аз жинақталған.        

Мектебіміз заманауи талаптарға сай бүгінде «Білімал» ақпараттық кеңістігіне еніп, электрондық оқытуға көшті.

           Білімал сайтына оқушылар картотекасы толықтырылды, кадрлар туралы мәліметтер енгізіліп, күнтізбелік жоспарлар енгізілуде. Сайтқа күнтізбелік жоспарларын, оқушылары туралы мәліметтерді толық енгізген мұғалімдер сан 12: Мусабекова Б., Қаппар Б., Бакирова А., Ынтықбаева Қ., Бигельдина М., Закарина М, Сейфуллина Г., Рысқұл А.Қ .,Мейрам Т., Жумабекова Аққу, Сарсенбекова Д., Қалижанова Б.

 

Мұғалімдердің интернет олимпиадасына тарих пәнінен Мейрам Т. Қатысып 6 балл алды, оқушылардан география пәні бойынша 11Б-1оқушы (13 балл), 8Б-9 оқушы (3-15 балл), 10А-1 оқушы –(12 балл) алды,  тарих пәнінен 9В сын. (1 оқушы-10 балл) алды. Топтық олимпиадаға оқушылар кірген жоқ.

Мұғалімдер оқушыларына көмектеспейді, өздерін жіберіп, қалай өтіп жатқанын қадағаламайды.

 

Осы орайда  жұмыстың жүйелі түрде жүруі үшін мектеп әкімшілігі алдында келесі  міндеттер тұр:

Педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткештерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.

АКТ-ны оқытуда мұғалімдердің кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу бойынша мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, тарату.

 

Мұнымен қоса, мектеп жоспарына   «Ең үздік интерактивті құралдарды қолданатын пән мұғалімі» сайысын енгізуді ұсынамын. 

 АКТ-ны оқытуда мұғалімдердің   біліктілігін жоғарылату мақсатында   «Интерактив тақтаны тиімді пайдалану жолдары»     «Электрондық портфолио құру технологиясы» тақырыптарында мектепішілік семинарлар өткізу қажет 

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу бойынша мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, тарату бағытында   пән мұғалімдері өздерінің электрондық оқулықтарын әзірлеуі керек.  

         Сонымен қатар:

-          әр әдістемелік бірлестігінің жеке сайттарын ашу,

-         электрондық оқулықтарының базасын құру

-         ата-аналар үшін электрондық журнал енгізу

-         мектеп әкімшілігінің жеке электрондық бөлмелерін ашусияқты жұмыстарды жоспарлаған жөн.

 

Аталған шаралардың бәрі жинақтала келе мектебіміздің мұғалімдерінің  АКТ құралдарын пайдалануда жоғары нәтижелерге жетуіне, сайып келгенде, оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал етері сөзсіз.

 

ЖББ №8 мектеп директоры  А.Токейбекова