Жас сарбаздар» сыныбының белсенді оқыту технологиялары

Дата: 2020-12-15 22:36:06
Балқаш қаласы, жалпы білім беретін №8 орта мектебі ұжымы «Жас сарбаздар» сыныбының белсенді оқыту технологиялары және қосымша білім беру практикасы» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.Шара барысында «Жас сарбаздар» сыныбымен жұмыс жасау тәжірибемізбен бөлістік. Жас жеткіншектерге әскери-патриоттық тәрбие берудегі жалпы білім беретін орта мектептердің маңызын өз алдына жүйе деп қарастыруға болады. Жас жеткіншектердің интеллектуалдық, мәдени, физикалық және адамгершілік қасиеттерін дамыту, жасөспірімдерді әскери және азаматтық тұрғыда Отанға қызмет етуге дайындауға негіз қалау осындай бағытта жұмыс істейтін арнаулы оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің жекелеген сыныптарында іске асырылады.
Жалпы білім беретін мектептің құрылымы ретінде «Жас сарбаз» сыныптарын құру – әскери-патриоттық тәрбие берудің аса ұтымды моделі. Бүгінгі семинарда осы бағытта ашылған ұлан сыныптарындағы жұмыстың нәтижесі айтылды.
«Патриоттық тәрбие-тұлға қалыптастырудың негізі» тақырыбында патриоттық тәрбие берудің нәтижелілігі туралы мектеп директоры А.Токейбекова баяндады. Мектеп директоры білім алушылармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Өз ойын баяндалғандай тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, білім алушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін азаматтар тәрбиелейміз деп білдірді.
Педагог-ұйымдастырушы Т.Еримбетов «Әскери іс-негіздерін үйрету арқылы әскери-патриоттық тәрбие беру» тақырыбында «Жас сарбаз» сыныбының ерекшелігі әскери бағытта қосымша білім беру арқылы үйретілетіні туралы айтып өтті.«Жас Сарбаз» сыныптарында сабақтан тыс спорттық іс-шаралар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін педагог-ұйымдастырушы А.Отарбаев баяндады.
«Жас сарбаз» сыныптарының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетписбаева баяндап, өз сөзінде ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты, баланың азамат болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс екенін айтты.Жас сарбаздардың тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылатынын және дұрыс жолға қойылғандығы туралы тәжірибемен бөлісті.
Семинар соңында әріпте стерге «Жас сарбаз» сынып оқушыларының ант қабылдау рәсімінен дайындалған үзінді бейне көрсетілім көрсетіліп, мектеп сарбаздары мен ұстаздары дайындаған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау бейне ролигі жолданды.
 
На изображении может находиться: 1 человек, стоит
На изображении может находиться: 2 человека, экран
На изображении может находиться: 1 человек, текст «oy рецензирование вид что выхотите делать! 蛋莲· lA 三三三트 абзац справка 00 스レ↓6 упорядочить экспресс- ५ヘイイ☆ стили рисование E заливка фигуры контур фигуры эффекты фигуры найти ab заменить 5 выделить редактирование сегзнші мектеп តរန 星 UMC zoom4 заметки гсарань ош2 мур... 12/12/2014 နE заметки 2 примечания актогай ауданы 8.б...»
На изображении может находиться: 1 человек, экран
На изображении может находиться: 1 человек, экран
На изображении может находиться: один или несколько человек и люди стоят
На изображении может находиться: 4 человека, в том числе Ақтоғай Әкімінің Баспасөз Қызметі, текст
На изображении может находиться: один или несколько человек