Тәуелсіздік-тұғырым
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты тарих пәнінің апталығы іс-шаралар жоспары аясында 11.12.2020 жылы оқушыларға Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Еліміздің Тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау, 1986 ж Желтоқсан оқиғасының куәгерінен сұхбат алып, Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіру мақсатында «Желтоқсан: ел тарихы-ерлік тарихы» атты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Жакупова Мақтагүл Қабжанқызы және 10- сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы қашықтықтан онлайн сыр-сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында Мақтагүл Қабжанқызы оқушыларға, желтоқсан оқиғасына қалай қатысқандығын, қандай оқиғаларды өз көзімен көргенін, қандай оқиғаларға куәгер болғаны жайында жан тебірентерлік сырларымен бөлісті. Сұхбатқа оқушылар өздерін ойландырып жүрген, көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін жас ұрпаққа ұғындыра отырып, осы Тәуелсіздіктің көк туын көк аспанда желбірете білу бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін түсіндірді. Сұхбат соңында оқушыларымыз желтоқсан оқиғасына қатысушы Жакупова Мақтагүл Қабжанқызының естеліктерінен алған әсерлерімен бөлісе отырып, сыр-сұхбат қонағына ақ жүрек тілектерін білдіріп, сол кездегі аға-апаларының бастарын, бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерліктеріне бас иетінін, құрметтейтінін және шексіз алғыстарын білдірді.