«Жас Ұланда» жаңа Ұланбасы
Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі – Қазақстан Республикасы балалары мен жасөспірімдерінің Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылы құрылған ұйымы. Аталмыш ұйымның мақсаты қазақстандық халыққа, мәдениетке, төзімділік дәстүрі мен бітімгершілікке сүйіспеншілік пен құрметтің, ұлттық құндылықтардың негізінде, үздіксіз білім алу мен өзін-өзі жетілдіру арқылы өскелең ұрпақты Отанның патриоттары ретінде тәрбиелеу болып табылады. «Жас Ұланның» мақсаты:- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Осыған орай 27 қыркүйек күні ЖББ №8 орта мектебінің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті. Сайлау комиссия мүшелері тәрбие ісінің меңгерушісі Шаймерденова Айнұр Талғатқызы, 11 Б сынып оқушысы Құзайыр Елдар және аға тәлімгерлер Жунусова Балдырған, Мухаметжанова Мөлдір тағайындалған болатын және Оқушылар сарайының «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі- Алтынова Алия Қабдырахманқызы және «Жас Қыран» ұйымының жетекшісі-Тойшыбек Айдана келіп мектепішілік сайлауға өз дауыстарын берді.Сайлауда 5 үміткер өз бағдарламаларын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жағуфарова Ботагөз Марленқызы 8 В сыныбы, Жүзбай Бөкейхан Ерғазыұлы 8 В сыныбы, Жақыпбай Шұға Манасқызы 9 А сыныбы, Серік Арайлым Базарбайқызы 9А сыныбы, Кәмен Еркебұлан Ғабитұлы 9 Б сыныбы, Әуез Назерке Жалелқызы 9 Г сыныбы болды. Ұланбасын сайлауға 8-11 сынып оқушылары яғни 539 оқушы түгелдей қатысты. Сайлаудың қорытындысы сайлау комиссиясының алдында ашылып саналды. Сайлаудың қорытындысы бойынша 8 В сынып оқушысы Жағуфарова Ботагөз Марленқызы 55 % дауыс жинап, 2013-2014 оқу жылында ЖББ № 8 орта мектебінің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы болып сайланды. Сайлау қорытындысы дүйсенбілік жиында айтылып, «Жас Ұлан» ұйымының құттықтау бұрышына ілінді. Сонымен қатар «Өзін-өзі басқару» ұйымында мектеп президенті 10 А сынып оқушысы Арсланов Сабыржан, балалар маслихаты депутаты 9 В сынып оқушысы Абай Ерсін болып сайланды. Сайлау қызықты әрі әділ өтті.