«Менің отбасым-сыйластық, жарастық орнаған орта! » атты ата-аналарға психологиялық тренинг
Дата: 2020-11-06 08:40:43
Қараша айының 4-і күні мектеп психологы М.С. Үмбет «Менің отбасым-сыйластық, жарастық орнаған орта! » атты ата-аналарға психологиялық тренинг өткізді. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Бала қанша білім мен тәрбие алып, балабақша табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздер ата - ана, өміріңізде үш рет балабақшаға, мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет - өзіңіз, екінші рет - балаңыз, ал үшінші рет - немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіңіздер.Тренинг барысында ата-аналарға мынандай ситуациялық сұрақтар қойылды.
• Сізде үйде бала тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі деп ойлайсыз?
• "Отбасы бақыты" дегенді қалай түсінесіз?
• Отбасыңызда болған балаңызға қатысты қызықты оқиғаны айтып берсеңіз?
• Сіз асығыс боп қонаққа жиналдыңыз, балаңыз болса ертегі оқып беруді өтінді, сіз не істейсіз?
• Үйде балаңызға қандай ертегілер оқып, айтып бересіз?
• Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
• Қазіргі өмір талабына байланысты көптеген ата - аналар бала тәрбиесіне көңілдерін аз бөлуде. Мәселен, сіз таңертеңнен кешке дейін жұмыста болып, үйге шаршап барғаныңызда балаңыздың қойған сұрақтарына жауап беруге де шамаңыз келмеуі мүмкін. Осы тұрғыда не айтасыз?
Ата-аналар ситуациядан шығу жолдарымен бөлісіп,тренинг көңілді пікірталасқа ұласты.