Размер шрифта:

«Балалардың құқықтарын қорғау»

Дата: 2020-10-29 12:20:50
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылдың 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан «Қамқоршылар күні» мерекесі болып жарияланған. Соған орай мектебімізде жылда «Қамқоршылар күні» мереке болып аталып өтеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Биылғы жыл қашықтықтан оқып жатқандықтан балаларымызды құттықтау мақсатында бейнежазба дайындалды.Балалардан қай кезде болмасын өз мейрімін, қамқорлығын аямай жүрген мектеп басшысы Токейбекова Айгүл Төкенқызы өзінің жылы лебізін білдірді.Қамқоршылар күні» » СШ №3 им. АбаяҚамқоршылар күні» » СШ №3 им. Абая
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/853689412122614